Жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді

2025 жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2024 12:20 912

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, ал өзара мәдени-гуманитарлық сала елдер арасындағы жалғаушы көпір саналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, белсенді әріптестік кинематография, қайта жаңарту және кітапхана қызметі салаларында айқын көрінеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мен Иран елшілігінің Қазақстандағы мәдениет істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесті.  

Іс-шара барысында қазақстандық тарап 2025 жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндерін, ал 2026 жылы Иранда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуге дайындық барысын талқылады.

«Өткізілетін іс-шараларға екі тараптың қатысуы мемлекеттеріміз арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, қуатты тарихи іргетасы, ортақ мәдени және рухани құндылықтар негізінде Иранмен көп қырлы қатынастарды дамытуға бағытталатынына сенімдімін»,- деді Күміс Сейітова.

Сондай-ақ, кездесу барысында бірнеше мәселе талқыланып, екі елдің ұлы тұлғаларына ескерткіш орнату ұсыныстары айтылды.

Айта кетейік, Тегеран қаласында 2024 жылдың 11 ақпан күні қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» кинокартинасы «ФАДЖР» халықаралық кинофестивалінде «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясының жүлдесіне ие болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға