Биылғы жол құрылысы маусымында 13 мың шақырым жолда құрылыс пен жөндеу жұмыстары басталады. Атап айтқанда, ұзындығы 2,2 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту, 6,6 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жергілікті маңыздағы 4,2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы ұзындығы шамамен 1 мың шақырымды құрайтын, құрылысы осы кезге дейін басталып кеткен «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» күре жолдарында жұмыс жалғаспақ.
Сонымен қатар төрт жолақты «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Доссор» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобаларының құрылысын бастау көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады.
10 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Биыл оның 6,6 мың шақырымы жұмыстармен қамтылады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (5 мың шақырым жол) асып түседі. Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары басталған «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» сияқты ірі жобаларда биыл да жұмыстар жалғаспақ.
Биыл бұдан өзге «Қарабұтақ – Рудный – Қостанай», «Атырау – Орал» және «Астана – Қорғалжын» автожолдарының учаскелерін қоса алғанда, ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Жергілікті маңызы бар жол инфрақұрылымын дамыту да басымдыққа ие болмақ. Өңірлерде жергілікті маңызы бар жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырымды құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында «Атырау – Форт – Шевченко», «Түркістан – Шәуілдір», «Чапай – Сайқын» жолдары, сондай-ақ Семей қаласындағы көпірдің құрылысы бар.
2025 жылы елімізде қандай жолдар салынып, жөндеуден өтеді?
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?