Жаңалықтар

2025 жылға дейін Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады

2025 жылға дейін Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады
Фото: t.me/KZgovernment 05.12.2023 15:54 695

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев айтты. Оның сөзінше, бұл қадам өңірдегі су тапшылығы мәселесін толығымен шешеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыйымдылығы – 46,2 млн текше метр.

Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1,4 млн текше метр болатын 3 су қоймасының құрылысы жүруде. Сондай-ақ Жамбыл ауданы Жасөркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қоймасының жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстың алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 шақырым және суармалы алаңы 69 мың га алқапты құрайтын 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған, - деді ол.

Әкімнің сөзінше, осы арқылы вегетациялық кезеңде су тапшылығы болатын аудандарда жер асты суларын пайдалануға басымдық беріліп, ұңғымалар қазу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылған, пайдаланылуда десек, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген.

Қарашөкеев берген ақпаратқа сәйкес, 13 су қоймасының салынуы вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға