Жаңалықтар

2025 жылға дейін елімізде 113 жаңа спорт нысаны салынады

2025 жылға дейін елімізде 113 жаңа спорт нысаны салынады
Фото: El.kz 18.03.2023 14:00 834

2025 жылға дейін елімізде 113 жаңа спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 20 нысан қайта жаңартылып, жаңғыртылады, 6 нысан толық жарақтандырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Алматы, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 8 спорт мектеп-интернатының құрылысы салынады.

Өткен жылы Қазақстандағы спорт ғимараттарының саны 43071 бірлікті құрады, ал халықтың спорт инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 50 пайызға жетті. 2029 жылға дейін мәдениет және спорт министрлігі бұл көрсеткішті 65% - ға дейін арттыруға ниетті.

Жұмыс істеп тұрған объектілерге ауқымды түгендеу жұмысын жүргізіп оның нәтижелеріне сүйене отырып құрылысты салу қажет. Сонда қаражат үнемделеді. Әрине, барлық жаңа нысандар азаматтар үшін қол жетімді болуы керек, – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға