Жаңалықтар

2024 жылы жастар үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады – Қарин

2024 жылы жастар үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады – Қарин
Фото: Akorda.kz 31.12.2023 08:37 1457
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің биылғы қызметін қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды. Бұл кеңес жастарға қатысты бірқатар маңызды стратегиялық құжатты әзірлеуге атсалысты.
Атап айтсақ, Мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын қолға алу жоспарда бар", - деп жазды мемлекеттік кеңесші Telegram арнасында.
Қарин кеңестің тікелей қатысуымен әзірленген тағы бір маңызды құжат – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына да тоқталды.
Синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы алғаш рет Кеңес алаңында айтылған еді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады, - деді ол.
Мемлекеттік кеңесші сондай-ақ кеңестің мүшелері "Қазақстан жастары – 2023" атты ұлттық баяндаманы әзірлеуге елеулі үлес қосқанын атап өтті.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға