Жаңалықтар

2024 жылы құжат алу қанша тұрады

2024 жылы құжат алу қанша тұрады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 05.01.2024 12:13 1705

Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты жеке куәлік, паспорт және тағы басқа құжаттарды рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК - 3692 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болған.

Жеке куәлік (0,2 АЕК) – 738 теңге.

Паспорт (36 беттік, 8 АЕК) – 29536 теңге,( 48 беттік, 12 АЕК) – 44304 теңге.

Балалар паспорты (24 беттік, 4 АЕК) – 14768 теңге.

Жүргізуші куәлігі (1,25 АЕК) – 4615 теңге.

Неке қию туралы куәлік (1 АЕК) – 3692 теңге.

Ажырасуға өтініш беру (2 АЕК) – 7384 теңге.

Туу туралы куәлік – тегін, қайта беру (0,5 АЕК) – 1846 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға