Жаңалықтар

2024 жылы Қазақстанның экспорт көлемі артады

2024 жылы Қазақстанның экспорт көлемі артады
Фото: © Pixabay.com 11.09.2023 15:54 1311

2024 жылы Қазақстанда экспорт көлемі 83,1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал 2028 жылы экспорт көлемі 94,8 млрд АҚШ долларына дейін жетеді. 

Болжам бойынша 2024 жылы ЖІӨ нақты өсуі 5,3 пайызды құрайды. Кейін 2028 жылы 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде ЖІӨ орташа жылдық өсуі 5,8 пайызды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2024 жылы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың барлық базалық салаларында өсу күтілуде. Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 4,9 пайызды, тау-кен өнеркәсібінде 3,1 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 4,5 пайызды құрайды. Құрылыс саласындағы болжамды өсу орта есеппен 8,8 пайызды, саудада 7,4 пайызды құрайды, - деді Мәжілістегі комитет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Оқи отырыңыз:

Ол болжамды қалыптастырудың негізінде мұнайдың бағасы барлығына 80 АҚШ доллары болғандағы базалық сценарийі алынғанын атап өтті.

Импорт 60,7 млрд АҚШ долларынан 65,6 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Инфляция 2024 жылы 6,8 пайыз, 2026-2028 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді. Республикалық бюджеттің кірістері 2024 жылы, болжам бойынша, 16,1 трлн теңге немесе ЖІӨ қатысты 11,9 пайыз деңгейінде болады. Биылғы бағамен салыстырғанда өсім 2,7 трлн теңге, жоспарлы кезеңде олардың 2026 жылға қарай 18, 4 трлн теңгеге дейін немесе 10,7 пайызға өсуі күтілуде, - деді вице-министр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға