Жаңалықтар

2024 жылы инфляция 6-8% болады - министр

2024 жылы инфляция 6-8% болады - министр
Фото: GOV.KZ 23.11.2023 10:48 1192

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев инфляция 2024 жылы 6-8 пайыз, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде болады деп болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2026-2028 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді. Республикалық бюджеттің кірістері 2024 жылы болжам бойынша 16,1 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге қатысты 11,9 пайыз деңгейінде құрайды. Ағымдағы жылдың бағалауымен салыстырғанда өсім 2,7 трлн теңгеге артық. Жоспарлы кезеңде олардың 2026 жылға қарай 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 14,1 пайызға өседі, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға