Жаңалықтар

2024 жылы бюджетке 20,4 трлн теңге түседі

2024 жылы бюджетке 20,4 трлн теңге түседі
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 11.09.2023 19:49 988

​​Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиевтің жетекшілігімен «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, 2024 жылға түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Аталған қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл – автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында бірқатар әлеуметтік нысан салу, – деді А.Бейсенбекұлы.

Бюджет шығыстары 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн. теңгені құрайды. Оның 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға тиесілі. 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңге, халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 3,5 трлн. теңге көзделген. 

Отырыс барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға