Жаңалықтар

2024 жылы "7-20-25" бағдарламасына қанша теңге бөлінді

2024 жылы "7-20-25" бағдарламасына қанша теңге бөлінді
Фото: © Pixabay.com 03.01.2024 04:27 1959

2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк "7-20-25" ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк Басқармасының № 104 қаулысы қабылданды. Қаулыда 100 миллиард бөлінетіні жазылған.

2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде 100 миллиард теңге мөлшерінде белгілеу және бюджетті тоқсан сайын 25 миллиард теңгеден бөлу, - делінген ақпаратта.

Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға