Жаңалықтар

2024-2026 жылдары 9 облыста жаңадан 20 су қоймасы салынбақ

2024-2026 жылдары 9 облыста жаңадан 20 су қоймасы салынбақ
Фото: © Pixabay.com 01.01.2024 04:26 950

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су-ресурстық әлеуетін сақтау, су ресурстарын басқарудағы қоғамның рөлін арттыру және цифрландыру мәселелерін ескере отырып жаңа Су кодексін әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2024-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖАСАЛДЫ

  • суармалы ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға,
  • су үнемдеу технологияларының жалпы үлесін 40%-ға жеткізуге,
  • тасымалдау кезінде суармалы судың шығынын 15% - ға дейін азайтуға мүмкіндік береді

ҚР СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2024-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕДІ

  • еліміздің су ресурстарының көлемін 3,7 текше километрге арттыруға,
  • суармалы судың шығынын азайтуға және оның көлемін 3 текше километрге арттыруға,
  • 55 мыңнан астам халқы бар 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге,
  • Қазақстанның көрші елдердің су ресурстарына тәуелділігін 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОСПАР

  • 2024-2026 жылдары 9 облыста жаңадан 20 су қоймасын салу,
  • 15 су қоймасын және 3500 шақырым су арнасын реконструкциялау,
  • 3,5 мың шақырым суару желісін цифрландыру жоспарланып отыр

САЛАҒА БІЛІКТІ КАДРЛАРДЫ ТАРТУ

  • 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірқатар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі
  • Бассейндік инспекция штаты 98 адамнан 242 адамға дейін ұлғайтылды
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне су шаруашылығы саласы бойынша бірқатар жаңа бағдарламалар қосу ұсынылды
  • Қазақстандық студенттерді су саласы мамандықтары бойынша жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында оқыту үшін гранттар бөлу туралы бастама көтерді
  • Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен бірлескен бағдарламалар іске қосылды
  • Су саласы қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар іске қосылады

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ

  • Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру
  • Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құру
  • «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстары бойынша интерактивті геоақпараттық платформа құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ

  • Министрлік 868 мың тұрғыны бар 375 елдімекенді сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау жүйесін жаңарту мақсатында 33 жобаны іске асыруды жалғастырды.
  • Гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және модернизациялау бойынша 35 инвестициялық жобаны іске асыру жалғасып жатыр.
  • Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың га алаңда ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жоба іске асырылып жатыр.
  • Астана қаласын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін Қ.Сәтбаев атындағы каналдан Есіл және Нұра өзендеріне 93 млн текше метр көлемінде су жіберілді.

СУ ДИПЛОМАТИЯСЫ

  • Көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша келесі жылдың 1 сәуіріне дейін Сырдария өзеніне 11,1 текше шақырым су келеді деп күтілуде.
  • «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 487 млн текше метр су келеді деп болжанып отыр.
  • Қырғызстанмен Жамбыл облысына суармалы жерлеріне су беру туралы келісімге қол жеткізілді.
  • Министрлік Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізуде. Олардың ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар.
  • Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қатысуымен «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісімнің жобасы әзірленуде.

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ

  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру үшін министрлік уәкілетті органмен бірлесіп суару жүйелерін салуға және тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялауды 50% - дан 80% - ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға