Жаңалықтар

2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті
2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылады
Фото: 7kun.kz 18.01.2023 21:05 927

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында азаматтық авиация мен әуежайлар желісін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, азаматтық авиация саласында жолаушылар ағыны қалпына келтіріліп, тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Аптасына 479 рейс жиілігімен 109 бағыт бойынша 29 елге халықаралық әуе рейстері жаңартылып, ашылды. Атап айтқанда, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Греция, Италия, Қытай және Сейшел аралдарына рейстер орындалып жатыр.

«Черногорияға, Малайзияға, Грецияға рейстерді қайта жаңғырту, Қытаймен, Үндістанмен, Өзбекстанмен ұлғайту, Израильмен, Катармен, Түркиямен, Пәкістанмен, Әзербайжанмен, Тәжікстанмен, Сауд Арабиясымен ашу жоспарланып отыр», - деп атап өтті Алмаз Ыдырысов.

Оның айтуынша, әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.

2025 жылға дейін парк 51 жаңа ұшақпен толықтырылады деп күтіледі, былтыр 14 жаңа әуе кемесі сатып алынған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға