Жаңалықтар

2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады

Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды
2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады
Фото: sn.kz 12.12.2022 15:50 2331

Запастағы офицерлерді әскерге шақыру 2023 жылы да жалғасады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақыруды жоспарлап отыр. Олар келесі әскери құрылымдарға тартылады:

  • ҚР Қарулы күштеріне – 260 адам;
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам;
  • ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам.

Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға