Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа (ҒЗТКЖ) жұмсалған шығындар 2023 жылы 41,9% өсіп, 172,5 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын ҒЗТКЖ шығындарының көлемі 121,1 млрд теңге болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы ҒЗТКЖ жұмсалған шығындардың басым бөлігі Алматы (77,2 млрд теңге) және Астана (36,6 млрд теңге) қалаларында тіркелген. Сондай-ақ айтарлықтай көрсеткіш Маңғыстау (13,5 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (8,2 млрд теңге) және Қарағанды (7,8 млрд теңге) облыстарында байқалған.
Ғылым салалары бөлінісінде ҒЗТКЖ ең көп ішкі шығындар инженерлік әзірлемелер мен технологияларға – 59,4 млрд теңге, жаратылыстану ғылымдарына – 58,8 млрд теңге және ауыл шаруашылығы ғылымдарына – 20,1 млрд теңге жұмсалған.
Ғылыми дәрежесі бойынша ҒЗТКЖ жүргізетін қызметкерлер саны 2023 жылы 25,4 мың адамды құрады – 2022 жылмен салыстырғанда бұл 13,4% артық. Олардың 55% – әйелдер.
2023 жылы ғылыми зерттеуге 172,5 млрд теңге жұмсалған
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?