Жаңалықтар

2023 жылы ең көп қойылған танымал 10 есім

2023 жылы ең көп қойылған танымал 10 есім
Фото: © Pixabay.com 04.01.2024 17:16 4677

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың танымал 10 есімін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Сонымен, бұл тізім мынандай:

Әлихан, Омар, Әмір, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Әли, Нұрислам, Мұхаммад, Хамза, Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Әмина, Аяла, Айым.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Әлихан, Әмір және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Әмина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

Ал 2013 жылдың танымал 10 есімі:

Ерасыл, Әлихан, Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Әмір, Арсен, Рамазан, Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана болған екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға