Жаңалықтар

2023 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 млн адамға жетеді – Аида Балаева

2023 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 млн адамға жетеді – Аида Балаева
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.10.2023 21:08 762

Астанада өткен «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференцияда Қазақстанның демографиялық жағдайына қатысты өзекті мәселелер, оң үрдістер, елдің демографиялық дамуының міндеттері, өңірлердің отбасылық-демографиялық дамуын болжау мен ерекшеліктерін талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы біз соңғы 34 жылдың ішіндегі ең жоғары туу көрсеткішіне жеттік. Жалпы туу коэффициенті 3,3-і құрайды, бұл қарапайым халықтың көбею деңгейінен асып түседі. Соңғы 10 жылда халық саны шамамен 3 миллион адамға өсті. 2023 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы біздің алдымызға: қазіргі демографиялық үрдістерді – бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру міндетін қойып отыр. Соңғы жылдары біз бақылап отырған жоғары туу коэффициенті – адами капиталдың сапасына әсер етпеуі керек. Отбасы институтының қолайлы дамуы үшін жағдай жасау, лайықты өмір мен жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету – біздің күш-жігер жұмсайтын негізгі аспектілеріміз, - деп атап өтті Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы артып келеді. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша бұл – 74,4 жасты құрады. Бұл ретте халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады. Ел азаматтарының орташа жасы - 32. Жастардың үлесі шамамен 30% құрайды. Бұл үрдіс одан әрі арта түседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға