Жаңалықтар

2023 жыл Солтүстік Қазақстанда Мағжан жылы деп жарияланды

Өңірде ақынның 130 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілуде
СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметі
Фото: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметі 17.02.2023 03:15 1206

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жыл «Мағжан жылы» болып жарияланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірде ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды.

Биыл Қызылжар тумасы, ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай өңірде мерейтойға орай іс-шаралар өтіп жатыр.

СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 1-10 ақпан аралығында «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 20-50 жас аралығында 90 ақын шығармаларын ұсынды. Ереже бойынша мүшәйраға Мағжанның ақындық, қайраткерлік тұлғасын паш ететін бір өлең, еркін тақырыптағы бір өлең ұсынылған.

Сондай-ақ салтанатты кеште осы жыл өңірде Мағжан жылы деп жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға