Жаңалықтар

2023 жыл қазақстандықтардың өміріне қандай жаңалықлар әкеледі - Үкімет

Денсаулық сақтауды дамыту
2023 жыл қазақстандықтардың өміріне қандай жаңалықлар әкеледі - Үкімет
Фото: pixabay 01.01.2023 12:00 1521

2023 жылы көлік медицинасын енгізу жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендер кеңінен қолданылады, бұл 1,5 млн ауыл тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді;

- Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастайды;

- Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады; - орташа жалақы артты: дәрігерлерге – 30%-ға 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне – 20%-ға 250 мың теңгеге дейін;

- Резидентурадағы гранттар саны 70%-ға ұлғайтылатын болады;

- Ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көпбейінді клиниканың – Астанадағы 200 орындық Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының және Алматыдағы 350 орындық Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға