Жаңалықтар

2022 жылы 1043 павлодарлық иттердің шабуылынан зардап шеккен

2022 жылы 1043 павлодарлық иттердің шабуылынан зардап шеккен
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.03.2024 17:14 297

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының таныстырылымы барысында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Махамбет Амангелдіұлы осылай деді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Тәжірибе көрсеткендей, иттерді ұйықтату немесе олардың көбеюін медициналық жолмен тоқтату, арнайы орындарда ұстау мәселесін реттеу жұмыстары айтарлықтай жемісін берген жоқ. Нәтижеге жету үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Соның ішінде қоғаммен жұмыс істеу керек. 2022 жылы Павлодарда, статистикалық ақпарақта сай, 1043 адамды ит тістеген. Арнайы тіркеуде тұрған 64 ит, 979-ы иесі жоқ қаңғыбас ит бар. Бұл – ресми тіркелген мәлімет, - деді депутат.

Спикердің айтуынша, ауыл халқы мемелекет тарапынан осы мәселенің түбегейлі шешуін күтіп отыр.

Әрбір ата-ана баласын сабаққа жібергенде уайыммен жіберіп, уайыммен қарсы алады. Ауыл халқы осы заңның дұрыс қабылданғанын күтіп отыр. Егер ауылдағылар осылай қоғамдық ұйым болып бірігіп, өздерінің құқығын қорғайтын болса, қандай картина болатынын көзіңізге елестетіп көріңізші. Дана халқымыз итті 7 қазынасына теңеген. Бірақ мәселе қазына сөзінің астарында жатыр. Оның иесі болуы керек, - деп қорытындылады Махамбет Амангелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға