Жаңалықтар

2017 жыл. Қазақстан спортындағы басты жаңалықтар

2017 жылындағы басты спорт жаңалықтары
2017 жыл. Қазақстан спортындағы басты жаңалықтар
28.12.2017 11:34 5570

2017 жылы Қазақстан спортында қандай жаңалықтар болды? Ел есінде қалған маңызды оқиғаларды тізіп шықсақ.

  • Алматы қаласында 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында бүкіләлемдік Универсиада өтті. Бұл жарысқа 56 елден 2000-ға тарта спортшы қатысты.

  • Қазақстандық экипаж Africa Eco Race-2017  ралли-марафонында тарихи жеңіске жетті. Олар жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен барлық 11 кезеңде үздік танылып, рекорд орнатты.

  • Фируза Шарипова Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ол жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымы бойынша екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленді.

  • Теннисші Зарина Дияс спорттық жолында алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті. Ол 3 жыл бұрын дәл осы турнирдің финалында сүрінген еді. 

  • Геннадий Головкин «ғасыр жекпе-жегін» Сауль Альвареспен өткізіп, кәсіби рингте алғаш рет тең түсті.

  • «Астана» клубы Қазақстан футболында бірінші рет топтық кезеңде 10 ұпай иеленіп, Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Олардың келесі қарсыласы португалиялық "Спортинг" командасы болмақ.

  • «Ордабасы» футбол клубы тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында жүлдеге (қола) қол жеткізді. 

  • Әлем Кубогында аралас эстафеталық биатлоннан алғаш рет қазақстандықтар Галина Вишневская мен Максим Браун қола медальге ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға