Жаңалықтар

2016 жылы ең көп табыс әкелген отандық фильмдер

Қазақ киносы
2016 жылы ең көп табыс әкелген отандық фильмдер
07.02.2017 12:04 7447

2016 жылы қазақ кино өндірісі бірнеше туындылармен толықты. Атап айтсақ «28 панфиловшы», «Анаға апарар жол», «Әміре, «Құнанбай», «Аманат» т.б. Осы кинокартиналардың қайсысы ең көп табыс әкелді?   

Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі нарықта сұранысқа ие, өзінің материалдық және материалдық емес дивиденттерін әкеле бастаған табысты қазақстандық фильмдердің тізімін жариялаған болатын.   

«28 панфиловшы» фильмі өткен жылы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы ретінде танылды. Кинокартина тіпті  прокаттың стандартты мерзімдерін бұзып, бір ай бойы көрсетілген болатын. Туынды РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген.  

Фильмнен түскен қаражат барлық өнідіріс шығындарын өтеген. Қазақстандық көрермендерден кассаға 61,3 млн. теңге (11,2 млн. рубль) түссе, кино қорының хабарлауынша, Ресейлік кинотеатрларға 361 млн. рубль (1,96 млрд. теңге) түскен. Ендігі мақсат – халықаралық кинонарыққа шығу.  Табысты жобалардың бірі деп – Сергей Снежкин түсірген «Көшбасшы жолы» - «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін айтауға болады.

Фильмнің премьералық көрсетілімі Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті. Телевизиялық прокатпен ресейлік «Дом кино», «Мир 24» арналарында және Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанды қамтитын «Первый канал. Время» бүкіләлемдік желісінде көрсетілді. Польша, Беларусь, Украина және ТМД елдерінде көрсету жоспарланған.

Жалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы кірді. Фильм прокатта екі ай көрсетілді. Ең бастысы туынды көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің Гран-при иегері атанды. Өткен жылдың қазан айында картина Лос-Анджелесте көрсетіліп, батыс баспасөзі мен жергілікті қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

Елімізде тұңғыш рет әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді.

Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды. Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді. Оңтүстік Кореяда 20-шы Пусан халықаралық фестивалінің (2015 ж.) «Жаңа ағым» бөлімінде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Биыл «Оскар» жұлдесін алған режиссер Эдом Джонс пен голливудтік Кэри Гранат «Әміре» фильмін ұсынғалы отыр.

Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылышы» («Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ең үлкен тарту болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға