Жаңалықтар

200 теңге: Павлодарда жолақы қымбаттауы мүмкін

200 теңге: Павлодарда жолақы қымбаттауы мүмкін
Фото: © El.kz 23.10.2023 05:14 471

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы екі есеге өседі, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф - жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 100 (жүз) теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – 200 (екі жүз) теңге болып белгіленсін, – делінген құжатта.

Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға