Жеңіс күні қарсаңында Aeroflot әуе компаниясы соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға арналған жеңілдік бағдарламасын іске қосатынын мәлімдеді. Акция аясында бірқатар санаттағы жандарға тегін әуе билеттері беріледі.
Бағдарламаға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соғыс кезінде зардап шеккен азаматтар, фашистік концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісінің иегерлері қатыса алады.
Жоба Ресейде, ТМД және Балтық елдерінде тұратын немесе осы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын адамдарға бағытталған. Сонымен қатар қатысушыларға бір адамды бірге тегін алып ұшу мүмкіндігі қарастырылған. Тегін рейстер Ресей ішіндегі бағыттармен қатар Ресейден Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанға орындалады. Бағдарламаға Rossiya Airlines, iFly Airlines және Aurora Airlines әуе компаниялары да қатысады.
Билеттерді 2026 жылғы 20 сәуір мен 12 мамыр аралығында Aeroflot компаниясының кеңселері мен уәкілетті агенттіктерінде рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ тегін билет алған ардагерлерге қосымша ретінде екі адамға арналған эконом-класс бойынша барып-қайту тегін ұшу сертификаты беріледі. Аталған сертификатты 2026 жылғы 12 маусымнан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін пайдалану мүмкіндігі бар.