Жаңалықтар

20 мың полиция күзетеді. Ертеңнен бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

20 мың полиция күзетеді. Ертеңнен бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.10.2023 13:43 859

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев Республика күні қарсаңында күзет күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді, - деді Айдын Оразбаев.

ІІМ өкілі қоғамдық тәртіпті бақылау күштері дайын екенін атап өтті.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға