Жаңалықтар

20 әкім жауапқа тартылды

Жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда көптеген кемшіліктер анықталып отыр.
20 әкім жауапқа тартылды
Фото: 24.kz 08.10.2022 03:19 984

Мемлекеттік қызметкерлер жолды күтіп ұстайтын мердігер мекемелердің жұмысын тиісті деңгейде қадағаламаған, деп хабарлайды El.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда көптеген кемшіліктер анықталып отыр. Мәселен, дер кезінде қардан тазартылмай, мұз бетіне инертті материалдар себілмеген. Асфальт та сапасыз, тиісті белгілер де орнатылмаған. Полицейлер облыс ішіндегі 32 мың шақырымға жуық жолды тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы мың жарымнан астам ұйғарым берген. Әкімшілік іс аясында 210 лауазымды тұлғаға 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде әртүрлі деңгейдегі 20 әкім бар. Сонымен қатар автомобиль жолдары басқармасының басшысы бар, орынбасары бар және лауазымды тұлғалар бар. Олар өз құзырында ұйымдастырып, мердігер мекемелермен бірге осы шұқырларды бітеп, жолдарды күтіп ұстауына жауапты тұлғалар ретінде әкімшілік шараға тартылды", - дейді облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтеген.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға