Жаңалықтар

18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды

18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
Фото: © Polisia.kz 04.12.2023 10:35 1255

ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Рейдтерді өткізудің алғашқы тәулігінде жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар берудің 70-тен астам дерегі анықталған. Сондай-ақ, Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйел Атырау облысында табылды.

Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны мәлім болды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген.

Бұл дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне хабар беріліп, азамат туыстарымен байланысқа шықты. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға