Жаңалықтар

"18 рет пышақтаған". Теміртауда екі жасар ұлын өлтірген әкеге сот үкімі шықты

"18 рет пышақтаған". Теміртауда екі жасар ұлын өлтірген әкеге сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.11.2023 14:29 904

8 қарашада өткен сот отырысында айыпталушының ерекше қатыгездікпен жасаған қылмысы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2023 жылдың 23 наурызында  болған. Теміртаудағы пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды. Күдікті 27 наурызда қамауға алынды. 

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қылмыс жасалған кезде оның мас болғанын анықтады. Оның кінәсі толық дәлелденді, -  делінген хабарламада.

Деректерге сай баланың жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, қолы да сынған. Анасының айтуынша, күйеуі ұсталған кезде оның қолы тілінген. Ол өз тамырын кеспек болған. Ал тергеу барысында түрмеге түспес үшін өзін жынды етіп көрсеткісі келген.

Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға