Жаңалықтар

17 жылдан соң «Азия дауысы» фестивалі қайтадан өткізілетін болды

Атақты ән мерекесі 2023 жылы шілдеде өтеді деп жоспарланып отыр
17 жылдан соң «Азия дауысы» фестивалі қайтадан өткізілетін болды
Фото: m.123ru.net 21.12.2022 22:06 1492

17 жылдан соң «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған «Азия дауысы» қазақстандық фестивалінің әуендері қайта шырқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ұйымдастыру комитетінің құрамына өз мансабын фестивальдің басты музыкалық сахнасынан бастаған танымал продюсерлер кіреді. Атап айтқанда, Арманжан Байтасов бас продюсер, құрылтайшы және президент ӘФ «ХФ «Азия дауысы» – Ирина Ковыряко, құрылтайшы және вице-президент ӘФ «ХФ «Азия дауысы», заңгер – Темірлан Төлегенов.

Фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов атап өткендей, музыкалық іс-шараны өткізу мерзімі мен орны анықталды.

Бүгінде Азия басты назарда және әлемдік мәдениеттің дамуына әсер етеді. Әрине, біз «Азия дауысы» үздік орындаушылар алаңына айналуына және оның беделді болуына мүдделіміз. Фестиваль шілде айының соңына жоспарланған және қазір біздің міндетіміз – әлемдік музыка қауымдастығының жоспарлары туралы хабардар ету және фестивальге өтінімдерді қабылдауды бастау. Әзірге арнайы қонақтар тізімі анықталған жоқ, бірақ көрермендер жұлдыздарды күтуде. Сондықтан біз туристерді тартатын, әлемдік деңгейдегі әртістерді шақыруды мақсат қойдық. Барлығымызға жағымды жарқын оқиғалар қажет. Алматы қаласы әкімдігінің жобамызға қызығушылық танытып, қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз, өйткені фестивальдің өзі – бүкіл индустрияны дамыту үшін маңызды оқиғалардың тұтас сериясы, атап айтқанда, музыкалық продюсерлердің халықаралық форумын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Арманжан Байтасов.

Сондай-ақ «Азия дауысына» дайындалумен қатар, ұйымдастырушылар қазақстандықтарға тағы бір жарқын музыкалық оқиға – жылдар бойы сыналған және көптеген эстрада жұлдыздарын паш еткен «Жас қанат»республикалық байқауын ұсынғалы отыр.

«Азия дауысы ӘФ» ХФ құрылтайшысы және президенті Ирина Ковыряконың айтуынша, 16-27 жас аралығындағы дарынды қазақстандықтар қатысуға өтінім бере алады.

«Жас қанат» конкурсын өткізу мерзімі бекітілді. Ол 29 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді. Сондай-ақ «Жас қанат. Балалар» жеңімпаздары «Азия дауысы» халықаралық байқауына автоматты түрде қатысатын болады. «Жас қанат» биыл бағдарлама аясында қатысушылар оркестр мен live-band сүйемелдеуімен, харизмасымен көрермендерді баурап өнер көрсеткенімен ерекшеленетінін атап өткім келеді. Өтінімдерді қабылдауды 2023 жылдың 15 ақпанына дейін ұзарттық. Шақыру елдің барлық аймақтарына жіберілді және 40-тан астам өтінім жиналды. Пандемияға дейінгі соңғы байқау 2019 жылы өткенін және 2020 жылы Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев өтінімдердің бір бөлігін қабылдап үлгергенін атап өткім келеді, сондықтан біз бұрын жиналған жұмыстар қайта қарастырылады  деп шештік. Сондай-ақ дәстүрлі номинациялардан басқа, Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев атындағы арнайы Гран-при болады. Жеңімпаз Медеудегі Азия дауысына автоматты түрде қатысады, - дейді   Ирина Ковыряко.

Сонымен қатар «Азия дауысы» ӘФ» ХФ құрылтайшысы және вице-президенті, заңгер Темірлан Төлегенов негізін қалаушылар Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев қайтыс болғаннан кейін жобаларды жүргізу құқығына қатысты түсініктеме берді.

Сауда атауына патент 10 жыл мерзімге беріледі. «Азия дауысы» фестивалінің шығармашылық-өндірістік бірлестігі 1993 жылы «Азия дауысы» атауы мен логотипіне патент алды, тиісінше бұл патенттің қолданылу мерзімі 2003 жылы аяқталды. Өкінішке қарай, бұл патент бұдан әрі ұзартылған жоқ. Өткен жылы «Азия дауысы» ЖШС компаниясына мұрагерлік құқығы туралы мәселе туындаған кезде, патент мұрагерлік массаға түсе алмады, өйткені ол кезде «Азия дауысы»" ЖШС-де ешқандай құқық болған жоқ. Нәтижесінде, Ирина Ковыряко өткен жылы патент алуға өтініш берді. Бұл ретте «Азия дауысы» атауы мен логотипі туралы ғана емес, «Жас қанат» атауы туралы да сөз қозғалды. «Жас қанатқа» мұндай патент ешқашан берілмеген. Осы жылдың сәуір айында Ирина Ковыряко барлық үш патенттің иегері болды. Осыған орай, «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры құрылды және шарт бойынша сауда атауларын пайдалану құқығын алды. Сондықтан бүгінгі таңда «Азия дауысы» және «Жас қанат» атауларының жалғыз құқық иеленушісі, сонымен қатар «Азия дауысы» логотипіне «Азия Дауысы» халықаралық фестивалі"қоғамдық қоры ғана ие болып саналады. Үшінші тараптан ешқандай шағым болуы мүмкін емес, - деді Темірлан Төлегенов.

Естеріңізге сала кетейік, «Азия дауысы» қалааралық музыкалық фестивалінде алғаш 1990 жылы 15 мемлекеттен қатысушылар «Медеу» мұз айдынында өнер көрсеткен еді.

1993 жылы «Азия дауысы» фестиваль ұйымдастырушыларының үкіметаралық федерациясының (ФҰҮФ) мүшесі болды. 1994 жылы фестиваль Канн әлемдік шоу-бизнес фестивалінің (Франция) мамандандырылған сыйлығына ие болды, 1998 жылы Халықаралық федерация ұйымдастырушылары «Азия дауысы» фестивалі әлемнің үздік фестивалі атағына ие болды.

Жыл сайын фестиваль қонақтары Сьюзи Кватро, Coolio, «Bomfunk MC's», Жасмин, Валерия, Николай Носков, «Чай вдвоём», «Eruption», Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, Алла Пугачева, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Boney M., Haddaway өнер көрсетті.

Ал 2023 жылы «Жас қанат» байқауына 32 жыл толады. Бұл Қазақстанда уақытты ұзақ тексеруден өткен ұлттық-музыкалды жоба. Конкурстар Қазақстанның мәдени өмірінің бір бөлшегіне айналды және 100-ден астам елімізге, сонымен қатар шетелде сүйікті және танмал орындаушыларды танытты.

Қазақстандық қатысушылар «Славян базары» (Беларусь), «Памуккале» (Түркия), Мальта ән байқауы (Мальта), «Дискавери» (Болгария), «Достық көпірі» (ЭКСПО-2001, фестиваль), «Шанхай фестивалі»  (Германия), Қытай) халықаралық байқауларда өздерін жақсы көрсетіп, марапаттарға ие болды. Қазақтың ең танымал орындаушыларының көбісі «Жас қанат» байқауына қатысқан және вокалдық, сахналық мектепті бітірген. Медеу Арынбаев, Нұрлан Абдуллин, Ерлан Көкеев, «Үркер» тобы, Мадина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген сынды әншілердің жолын ашқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға