Астанада теннистен ел біріншілігінің жекелей сында ересектер арасындағы финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен кездескен. Бірінші сетте Омарханов 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, кейін Ломакин арқа жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.
Осылайша, Әмір алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды. Ал оның қарсыласы Тимур Мауленов медициналық себептерге байланысты кездесуге шықпады.
17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді