Жаңалықтар

1,7 млрд теңге жымқырған: бұрынғы ректордың жазасы жеңілдетілген жоқ

1,7 млрд теңге жымқырған: бұрынғы ректордың жазасы жеңілдетілген жоқ
Фото: facebook.com/d.shynybekov 06.11.2023 17:00 1437

2020 жылы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков 1,7 млрд теңге жымқырды деген айыппен 8 жылға сотталған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, №2 Бостандық аудандық соты ІТ университеттің сол кездегі ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабекованы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырған. 

Енді Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасында осы іске қатысты прокурордың жеке өтініші қаралды.

Апелляциялық инстанция прокурордың жеке өтінішін қанағаттандырып, Шыныбековтің ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойды.

Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды, - делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға