Жаңалықтар

16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Нақтырақ айтқанда, автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: gov.kz 16.12.2022 05:00 1281

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар комитет тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға