Жаңалықтар

15 жасар қазақстандық қол күресінен әлем чемпионы атанды

Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды
15 жасар қазақстандық қол күресінен әлем чемпионы атанды
19.10.2022 22:11 1370

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының спортшысы Гаухар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz.

16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті

«Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гаухардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін жұмыстанатын боламыз» - дейді спортшының бапкері Мустафа Нарымбаев.

Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Ол осы әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған. Тыңғылықты жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанды.

«Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын», - дейді Гаухар Жанғазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға