Жаңалықтар

15 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Синоптиктер оңтүстік аймақтарда -36 градусқа дейін аяз болатынын болжады
15 қаңтарда  бірқатар өңірде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Фото: 24.kz 15.01.2023 01:40 1145

15 қаңтарда елдің басым бөлігінде әлі де антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттарға байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Ал оңтүстік аймақтарда тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады.

Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға