Жаңалықтар

1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмек туралы ақпарат алуға болады

1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмек туралы ақпарат алуға болады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.05.2023 19:12 565

Елімізде 1 маусымнан бастап 1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмек туралы ақпарат алуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірыңғай байланыс орталығы 1318 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді.

1414 бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға МӘМС-ке жататын қызметтер түрі, оның ішінде тегін стоматологиялық ем алу мәселелері, сондай-ақ, тегін медициналық қызметтер бойынша кеңес береді. Одан бөлек, қазақстандықтар медициналық ұйымға шағымдана алады, - делінген хабарламада.

Ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін. Кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға