Жаңалықтар

14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды

14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 08.11.2023 17:03 492

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылдан бері ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлігі, 257-бабы 3-бөлігі (ескі редакция) бойынша іздеуде жүрген 49 жастағы Ө. есімді азаматты ұстады.

Осыдан 14 жыл бұрын Тараз қаласында тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін оған қатысты іздеу жарияланған болатын.

ҚР ІІМ мәліметінше, жедел мәліметтерге сәйкес, ол бірнеше жыл бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған.

7 қараша күні жамбылдық полицейлермен арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азамат Алматы қаласындағы фитнес залдарының бірінде ұсталды. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған, - делінген мәліметте.

Анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы Жамбыл облысының ПД-ге жеткізілді. Аталғандардың саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң іздеудегі азамат Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамаққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға