Жаңалықтар

14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Сенатқа 20 депутат сайланады
14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді
Фото: El.kz 28.11.2022 11:25 1992

ОСК орталығында Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Сенат депутатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтетінін мәлімдеді.

"Конституцияға сәйкес Парламент Сенатының депутатына қойылатын талап ҚР азаматы болуы және соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында және тиісті өңірдің аумағында 3 жыл тұрақты тұрған болуы шарт. Сондай-ақ, 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі және жоғары білімі, жасы 30-дан кем болмауы, сот іс-әрекетіне қабілетсіз деп танылған сияқты талап қойылады", - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

ҚР Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну облыстық (республикалық маңызы бар қала мен Астана) қалалық, аудандық мәслихат сессиясында жүргізілмек. Саяси партия мен өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі.

Еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Яғни, Сенатқа 20 депутат сайланады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға