Жаңалықтар

14 орманшының өлімі: Орман өрті бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

14 орманшының өлімі: Орман өрті бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
Фото: t.me/qr_tjm 10.11.2023 17:37 603

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өртіне қатысты істі сотқа жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Тергеп-тексеру барысында өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болғаны анықталды. Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады. Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан, – делінген хабарламада.

«Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерватының 14 қызметкері қаза болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға