Жаңалықтар

14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz 14.06.2023 00:38 470

Еліміздің синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Алматыда, Қонаев қалаларында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз күн қатты ысып, сынап бағаны +38 градусты көрсетеді. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күн қатты ысып, сынап бағаны +38 градусты көрсетеді деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн ысып, сынап бағаны +35...+39 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыс тан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +42 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аудандарында сынап бағаны +42 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады.  Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде солтүстіктен соққан желдің екпіні - 17-22 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 18 м/с жалдымдықпен жел соғады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Найзағай кезінде солтүстіктен соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға