Жаңалықтар

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 23.06.2023 20:45 1071

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Көркем академиясына үміткер суретшілердің «13 метаморфоза» атты топтық көрмесі өтті. Көрмеге өнерпаз қауымды қолпаштап келген көрермен қауымнан бөлек Қазақстандағы Түркия мен Нидерланды елшілері қатысып, мәртебесін биіктетті.

Бұл көрмеге өз жұмыстарын ұсынған 13 қатысушы ҚР Көркем академиясына өтуге үміткерлер. Әртүрлі бағыт пен стилдердің өкілдері. Бұл қатарда суретшілерден бөлек графиктер мен қолданбалы сәндік өнер шеберлері де бар.

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті

«Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады» дейді Джон Рескин. Осы сөздің үддесінен шығатын бүгінгі көрме иелерінің қатарында Ачилов И.Ш., Тлеулиев У.А., Ахметжанова Р.А., Мусалимов А., Назаркул Е.С., Қастеева Д.М., Маханбетжанова Г.М., Төлеш . Б.Ш., Жәйірбек Қ., Ысқақбек С., Нұрсадықов Қ.Д., Өмірзақ Г., Әли А.Т. қатарлы қыл қалам шеберлері бар.

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті

«Астана қаласы Суретшілер одағы» ҚБ Басқарма Төрағасы Өмірәлі Дәуренбекұлы үміткерлерге сәттілік тілеп, көрменің ашылуымен құттықтады.

Бүгінгі өтіп жатқан шара – Қазақстан Республикасы Көркем академиясына мүше болуға үміткерлердің туындылары қойылған көрменің ашылуы. Осы академияның президенті Амандос Ақанаев жуық арада келеді. Тағы бір жиналамыз. Академияға өткен үміткерлерге мүше атағы беріледі. Бүгін 13 суретші қатысып отыр. 2-ден 5 жұмысқа дейін өз туындыларын алып келді. Бұл жерде ата-бабамыздан келе жатқан қолданбалы сәндік өнер де, майлы бояумен кенепке салынған туындылар да, графиктеріміз де бар, - деді Өмірәлі Дәуренбекұлы.

Әр туындының бойынан аңғарылатын ырғақ сезімі, колористикалық импровизациялар, жұмыстардың түрлі-түсті полифониясы көрерменнің назарын аударды.

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті

Бұл көрме арқылы суретшілер өнерді насихаттауды, классикалық ағымдарды ұстану, мәнерлілік, символизм және абстракция арқылы қазақтың кемел мұрасын, бай салт-дәстүрін,  көп қырлы мәдениетін таныстыруды мұрат етеді.

Бейнелеу өнеріндегі метаморфоз – бұл түрлендіру.  Қазіргі заманғы өнерде пластикалық әдіс ретінде қолданылатын, әртүрлі стильдер мен жанрларда жасалған туындыларды біріктіруге қызмет етеді.  Бұл көрмедегі метаморфозалар кескіндеме, графикалық, абстрактілі жұмыстарда, сондай-ақ 13 суретшінің туындыларында кеңінен қамтылған.

«13 метаморфоза» атты суретшілердің топтық көрмесі өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға