Жаңалықтар

13 маусымға арналған ауа райы болжамы

13 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.06.2024 06:37 415

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 13 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігініне тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға