Жаңалықтар

13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com 12.12.2022 16:17 1252
Cиноптиктер 13-15 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, онымен негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
 
Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі болжанады.Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 аязға дейін, күндіз 15-28 аязға дейін, орталықта түнде 18-33-ке дейін, күндіз 13-23 аязға дейін, шығыста түнде 25-34 аязға дейін, күндіз 20-30 аязға дейін, ал еліміздің батысында түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді. Түнгі ауа температурасы 2-15 аязды құрайды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға