12 жыл бойы жасырынып жүрген алаяқ әйел ұсталды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
19.09.2024 08:45
378
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы полицейлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, күдікті 2012 жылдың маусым айында Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген. Ол 12 жыл бойы басқа есіммен жасырынып, жалған құжаттарды қолданып келген.
Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға