Жаңалықтар

12 тамыз - Каспий күні!

12 тамыз - Каспий күні!
Фото: © El.kz 12.08.2023 19:30 734

12 тамызда Халықаралық Каспий теңізі күні атап өтіледі, ол өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелері, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы қажеттігі туралы маңызды еске салу болып табылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дәл осы күні БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының көмегімен әзірленген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция (Тегеран конвенциясы) күшіне енді, оған бес Каспий маңы елдерінің: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтерінің өкілдері қол қойды. 

"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз суы мен түбіндегі шөгінділер сапасының жай-күйіне экологиялық мониторингті жүзеге асырады, Каспий теңізіне гидрометеорологиялық мониторинг пен зерттеулер жүргізеді. Каспий теңізінің режимі туралы жыл сайынғы деректер, деңгей мен толқудың өзгеру болжамдары, мұз жағдайына және желшегерме-желкөтерме құбылыстарына шолулар шығарылады (өнімдер https://www.kazhydromet.kz/ru/kaspiyskoe-more/kaspiyskoe-more сайтында қолжетімді)  

Каспий өңірі қорғауды және қолдауды талап ететін бірегей био - және экожүйе ретінде жоғары маңызға ие. 

Әріптестеріміз бен ғалымдарды Каспий теңізі күнімен құттықтаймыз және ортақ міндеттерді шешу үшін жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, зерттеулерге сәттілік тілейміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға