Қазгидрометтің иәліметінше12 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды EL.KZ.
Қара теңіз аудандарынан келетін циклонның әсерінен еліміздің батысында жаңбыр жауады.
Сондай-ақ батыста, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.