Жаңалықтар

«110 адам мерт болды». Гуманитарлық көмек тиелген көлікке таласқандар бірін-бірі таптап тастады

«110 адам мерт болды». Гуманитарлық көмек тиелген көлікке таласқандар бірін-бірі таптап тастады
Фото: Kosay Al Nemer / Reuters 01.03.2024 10:46 933

Гуманитарлық көмек жүгі бар автоколонна Газаға кірген уақытта 110-нан аса палестиналық қаза тапты. Олардың кейбірін көлік қаққан, ал бір бөлігі қалың нөпірде қысылып қалған. Өткізу пунктінің әскерилері оғынан қаза тапқандар да бар,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бейсенбі күні таңғы уақытта гуманитарлық жүк тиеген конвой Израиль бақылау-өткізу пункті арқылы Газаға кірді. 18-ден 30-ға дейін жүк көлігінен тұратын колонна бірнеше жүз метрге созылған. Адамдар жүк көліктеріне жүгіріп, қолына ілінгенді алып кетуге тырысқан, себебі олар бірнеше күннен бері аш болған.

Кейбір адамдар жүк көліктерінің жүруіне кедергі келтіргендіктен, астына түсіп мерт болған. Оған қоса, бақылау бекетіндегі израильдік сарбаздар қауіпті жағдай туындады деп оқ жаудырған.

Газаның ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі 112 палестиналық қаза тауып, 760-ы жараланғанын алға тартты. Олар халыққа оқ атқан израильдік әскерлер кінәлі деп отыр. Министрліктің өкілі Ашраф әл-Кудра оқиғаны «қырғын» деп атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға