Жаңалықтар

11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны қашан басталатыны белгілі болды

11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны қашан басталатыны белгілі болды
Фото: ©pixabay.com 07.06.2024 10:43 680

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обырын жоюға бағытталған Қазақстанның көшбасшы әйелдерінің дөңгелек үстелінде қыркүйектен бастап қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы міндетті вакцинациялау басталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.

Вакцинациялау 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады. Бүгін вакцина сатып алынды. Қаржы үкімет резервінен бөлінді. Ол тегін жүргізіледі, - деді министр.

ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың айтуынша, ұйым 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр.

Қазақстан биыл АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға