Жаңалықтар

«1001 ТҮН» КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ МҮСІНДЕРІ АСТАНАНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫН КӨРІКТЕНДІРДІ

«1001 ТҮН» КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ МҮСІНДЕРІ АСТАНАНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫН КӨРІКТЕНДІРДІ
16.01.2019 05:00 2674

Астана қаласының ботаникалық бағында халықаралық мұз мүсіндерінің фестивалі аясында қазақстандық және шетелдік шеберлер қатысқан мұз мүсіндерінің құрылысы аяқталды.

Байқау 12 қаңтарда басталып, оған Қазақстаннан, көршілес елдерден – Ресей, Қытайдан келген командалар қатысты. Екі-үш адамнан құралған 14 команданың 16-сы финалға жетті.

Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Омаров атап өткендей, қазылар алқасы әрбір команданы еңбегі бойынша бағалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты – шығармашылық тәжірибе алмасу, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, мәдени туризм орталығы ретінде қаланың имиджін қалыптастыру.

«Бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп, қатысушылардың географиясы кеңейтілетініне сенеміз. Әуесқой және кәсіби деңгейлерге бөлуді жоспарлап отырмыз. Фестиваль тақырыбы –«Шығыс ертегісі: 101 Астана түні». Ботаникалық бақ пен мұз қалашығын безендіру «Астананың шығыс ертегіс» ретінде қарастырылған. Барлық мүсіндерге үлкен күш жұмсалды. Үш күн бойы мен мұның қалай жасалатынын көріп жүрдім. Үздік жұмысты анықтау қиын болады», – деді Нұрлан Омаров.

Мұз композицияларын тамашалағаннан кейін, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және конкурстық комиссияның төрағасы Жанұзақ Мүсәпір «Шығыс ертегілері: 101 Астана түні» байқауы «1001 түн» желісімен өткізілетінін айтты.

«Қатысушылар арасында Қытайдан және Ресейден келген екі команда, Қазақстанның басқа қалаларынан келген командалар болды. Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар Есіл ауданының әкімдігі мен ҚР Суретшілер Одағы бекіткен өз жобаларын жіберді. Шедевр жасау үшін уақыт жеткіліксіз болды, алайда жұмыстар ықыласпен орындалған. Мүсіндерді 100 балдық шкала бойынша бағалау кезінде түпнұсқалығы, орындалу күрделілігі, тақырыптың ашылуы, композицияның мәнерлілігі мен сапасы ескерілді», – деп түсіндірді қазылар алқасының төрағасы.

Мұз Есіл көлінен алынды және Жанұзақ Мүсәпірдің айтуынша, бұл мүсіншілерге табиғи шынайылық береді, ал олар өз кезегінде ботаникалық бақты безендіріп, ертегілік көңіл-күй сыйлайды.

Байқаудың қорытындысы Есіл ауданы әкімдігінде аяқталып, ресми жабылу рәсімі өтті. Командалар бағалы сертификат, диплом, кубоктармен марапатталды. Бұдан басқа әрбір қатысушы командаға 40 мың теңге ақшалай сыйақы берілді. Іс-шараның жүлде қоры – үш миллион теңге: бірінші орынға – 700 мың теңге, ІІ орын – 500 мың теңге, III орын – 300 мың теңге және Гран-при миллион теңге.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды «Тауыстар оңтүстік-шығысқа ұшады» композициясымен «Харбин» (Қытай) командасына, екінші орын елордалық «Синдбад-теңізші және айдаһар» композициясымен «Astana Ice master» командасына бұйырды, ал үшінші орынды Гонконг (Қытай) қаласынан келген команда орындаған «Алладина мен Жасмин Астанаға саяхаты» мұз мүсіні иеленді. Фестивальдің бас жүлдесін Ақмола облысының «Степняки» командасы «Дала тартылысы» композициясымен жеңіп алды.

Фестивальға қатысушылардың бірі – Қытай Халық Республикасының өкілі, мүсінші Чжан Кячжа өз командасының компазициясы туралы әңгімелеп берді, олар бірінші орын иегерлері. Мүсін «Тауыстар Оңтүстік-Шығысқа ұшады» деп аталады. Оның негізі – қосыла алмаған қос ғашық туралы қытай ертегісінің желісі. Айырылысуға төтеп бере алмай, екеуі де өледі. Ғашықтардың моласынан олардың жандары тауысқа айналып кетіп, аспанға ұшады.

Чжан Кычжа және оның екі әріптесі Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласынан (Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі) келді, Цицикар университетінің оқытушылары болып табылады.

«Біз оқытушылық қызметтен кеткеннен кейін осы іспен айналыса бастадық, міне сегіз жыл өтті. Сонымен қатар, Харбин қаласында жыл сайын мұз мүсіндерінің ірі фестивальдері өткізіледі. Қазақстанға алғаш рет келдік. Астанада адамдар өте мейірімді. Байқау жұмысы барысында қатысушылар бір-біріне көмектесті. Астанаға келген алғашқы күндері аяз болды, бірақ жалпы ауа райы Харбин қаласындағы сияқты», – деді Қытайдан келген мүсінші.

Фестивальге Қытай командасы халықаралық тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынасты нығайту үшін келген.

Айта кету керек, кез келген адам «1001 түн» фестиваліне қатысып, қатып қалған ертегі кейіпкерлерін көре алады, өйткені мүсіндер Ботаникалық бақты ақпан айының аяғына дейін көріктендіріп тұрмақ.

Ертегі мүсіндерінің фотоальбомын мына жерден көре аласыздар

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға