Жаңалықтар

«100 өлеңді» жатқа айтқандарға көлік берілмек

«100 өлеңді» жатқа айтқандарға көлік берілмек
Фото: Assyltas қоғамдық қоры 18.03.2024 11:08 556

Бірнеше жылдан бері тұрақты жобаға айналған «100 өлең» көркемсөз оқуына өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы байқауды ұйымдастырушы ASSYLTAS қоғамдық қоры өтініштер қабылдау басталғанын мәлім етті.  

Бұл жоба — қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған. Сайысқа қатысушы 100 күн ішінде барлық өлеңді жаттап алуы тиіс.

Топтастырылған өлеңдер жинағы 1 сәуір күні байқауға қатысушыларға берілмек.

ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқастың айтуынша, биыл да жеңімпазға автокөлік сыйға беріледі.

Бұған дейін 4 жыл қатарынан жеңімпаздарға автокөлік сыйлап келдік. Биыл да жеңімпаз су жаңа темір тұлпарды тізгіндейді. Финалдық сайысқа өткен қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз қайтпайды. Биылғы байқау үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 130 жылдығына арналады-деді, Рауан Оқас.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға