Жаңалықтар

10 жылға жуық уақыт іздеуде болған қазақстандық Түркияда ұсталды

10 жылға жуық уақыт іздеуде болған қазақстандық Түркияда ұсталды
Фото: Видеодан кадр 21.09.2023 10:01 2371

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған - деп Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға