Жаңалықтар

10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады
Фото: El.kz 09.01.2023 19:51 1022

Қазгидромет 10 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 35 градус қатты аяз болады.

Атырау облысының солтүстігінде 30 градус аяз күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде 35-36 градус қатты аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында бұрқасын соғады.

Шымкент қаласында қалың қар, тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Алматы қаласында 10 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта қатты қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.

10-11 қаңтарда Маңғыстау облысында 25 градус аяз күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға